Ахуалдық орталық базасында ЕАЭО елдеріндегі баға динамикасын, әлемдік конъюнктураны, сыртқы сауда шешімдері мен логистикалық факторларды талдай отырып, баға белгілеуді болжау жүргізілуде; делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұдан басқа, апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда; көрші елдерден маусымаралық уақытта импорттық жеткізілімдердің "жасыл дәлізі" тетігі жолға қойылды.
"Қабылданатын шаралардың тиімділігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикасымен расталады: 18 маусымдағы жағдай бойынша баға индексінің өсу қарқыны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,3%-дан 1,8%-ға дейін, яғни 4 есе төмендеді. Ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық азық-түлік инфляциясының серпіні бесінші ай қатарынан баяулауды көрсетіп, 2025 жылғы желтоқсандағы 13,5% - дан мамыр айында 10,7% - ға дейін төмендеді. Бұл ретте барлық азық-түлік тауарлары бағасының айлық өсуі 0,4% құрады, бұл азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер бағасының өсу қарқынынан төмен", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.