Енді әлеуметтік төлемдерді алу жолы жеңілдейді

126

Бұл жоба туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында 2025 жылдың 27 маусымына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.  

Енді әлеуметтік төлемдерді алу жолы жеңілдейді Фото: fingramota.kz

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан кейбір төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру мақсатында пилоттық жобаны іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқарту. Осылайша МӘСҚ филиалдарының қызметкерлері шешім қабылдау процесінен шеттетіліп, төлем алушылардың шотына қаражат жылдам түсірілетін болады. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді уақытында тоқтата тұру мен тоқтатуды қамтамасыз ету көзделген.

Пилоттық жоба аясында тек "Электрондық үкімет" және "Электрондық еңбек биржасы" порталдары арқылы келіп түскен өтініштер, екінші деңгейдегі банктердің өтініштері және проактивті түрде тағайындалатын әлеуметтік төлемдер қаралады.

Өтініш берушілерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Әлеуметтік аударымдар тек бір төлеушіден түсуі керек (бірақ жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы басшылары бұл талапқа кірмейді);
  • Әлеуметтік аударымдар уақытында төленуі тиіс (есеп айынан кейінгі екінші айдың 5-күнінен кешіктірмеу қажет);
  • Қызметкердің ай сайынғы табысы міндетті төлем деңгейімен сәйкес болуы керек;
  • Қажетті құжаттар толық және цифрландырылған түрде болуы тиіс.

Бұл талаптар бизнес-процестерді оңтайландыруға және автоматтандыру тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу