Қазақстанда алғаш рет 4 педофилге химиялық кастрация жасалуда

1224

Құқықтық статистика комитетінің ақпараты бойынша, елде екі жыл ішінде 15 адамға қатысты химиялық кастрация түріндегі үкімі шығарылып, заңды күшіне енген.  

Қазақстанда алғаш рет 4 педофилге химиялық кастрация жасалуда

Қазақстанда сотталған төрт педофилге химиялық кастрация жасалуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл процедура бір реттік емес, жарты жыл сайын жалғаспақ. Бұл туралы Атамекен бизнес аранасы тілшілерінің журналистік сауалына жауап берген Қылмыстық Атқару Жүйесі Комитетінінің өкілдері хабарлады. Қазіргі уақытта сот шешімі бойынша кастрация шарасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қолданылуда.

Атап айтқанда Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары және Шымкент қалаларындағы түзеу мекемелерінде төрт сотталушыға химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылған. Ал жалпы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 11 сотталушыға химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы сот қаулысы шыққан. Педофилдерге қатысты химиялық кастрация рәсімі жазасын өтеу орны бойынша орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу