Қазақстанда алғаш рет банан өсіріле бастады

773

Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды. 

Қазақстанда алғаш рет банан өсіріле бастады Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді, деп жазады inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.

Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ долларды құрайды. Түрік компаниясы құрылыс кезінде  жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланды, жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған, бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа-райында да толық ашуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу