Бұл синдром – синдактилия деп аталады.
Патология қол немесе аяқ саусақтарының бірігіп кетуімен сипатталады.
Бұл патологияны тек хирургиялық жолмен түзетуге болады. Осы уақытқа дейін қазақстандық науқастарға ота Ресей ауруханаларында жасалып келген. Енді бұл хирургиялық араласу әдісі Алматыдағы Ақсай университеттік клиникасында енгізілмекші.
Алғашқы отаны қазақстандық хирургтар Санкт-Петербург қаласы Н.И.Пирогов атындағы жоғары медициналық технологиялар клиникасы келген әріптестерімен бірге жасайды.
Операция Ақсай БК-дағы буллез эпидермолизімен ауыратын балада синдактилияны хирургиялық емдеудің алғашқы тәжірибесі деп аталады.
Ота 23 ақпанға жоспарланған.