Қазақстанда алғаш рет Еnactus World Cup студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы өтеді

135

 Қазақстанда 33 елдің студенттері, кәсіпкерлері, академиялық көшбасшылары мен корпоративтік бизнес басшылары осы ауқымды оқиғаға жиналады.  

Қазақстанда алғаш рет Еnactus World Cup студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы өтеді Фото: Astana Convention Bureau

Қазақстанда алғаш рет ENACTUS Студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ENACTUS студенттерінің барлық бизнес-жобалары БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына жетуге бағытталған және болашақ бизнес көшбасшыларының мансабының бастамасы болып келеді. Әлемдегі 1000-нан астам университеттер студенттердің көшбасшылығы мен іскерлік дағдыларын дамыту үшін тәжірибеге бағытталған ENACTUS платформасын пайдаланады.

ENACTUS World Cup – бұл 2001 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатқан және кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік бастамалар мен прогресті көрсетуге мүмкіндік беретін іс-шара. Әлемдік кубокты өткізу құқығына ие болу – бұл ENACTUS-тың Қазақстандағы соңғы 15 жылдағы жетістіктерін мойындау, сондай-ақ халықаралық әріптестер тарапынан жоғары сенімнің дәлелі.

ENACTUS әлем кубогының алаңы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас кәсіпкерлер арасында білім, идея және тәжірибе алмасу үшін жарыс форматында 2000 қатысушыны біріктіреді. Жастар экологиялық мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін көрсететін, тұрақты қоғамдастықтардың дамуына ықпал ететін және адамдардың өміріндегі оң өзгерістерге шабыттандыратын өз жобаларын ұсынады.

Қазақстанның мүддесін ENACTUS KAZAKHSTAN 2024 Ұлттық чемпионы – Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу