Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2025 жылы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфекциялық емес аурулар мен қауіп факторларының алдын алуды дамыту бойынша кешенді жұмысты жалғастырды. Тиісті ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Орталықтың қызметі деректерді талдауға, қатерлердің тұрақты мониторингіне және мемлекеттік органдар үшін басқарушылық шешімдерді дайындауға негізделді. Орталықтың құрылымында негізгі бағыттар бойынша алты зертхана жұмыс істейді: вирусология, бактериология, паразитология, аса қауіпті инфекциялар, химиялық-токсикологиялық зерттеулер, радиациялық қауіпсіздік.
2025 жылы 1500-ден астам зерттеу мен секвенирлеу жүргізілді. Айналымдағы штамдар мен халықаралық эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізілді.
Тәулік бойы талдамалық мониторинг орталық жұмысының маңызды бөлігі болып қала береді. Былтыр COVID-19, көкжөтел, қызылша, ЖРВИ, тұмау, пневмония, сондай-ақ халықаралық эпидемиологиялық жағдай, даму болжамдары мен сценарийлері бойынша 1600-ден астам талдамалық және ақпараттық материалдар дайындалды.
Нақты уақыт режимінде ел ішінде де, одан тыс жерлерде де, оның ішінде Қазақстан азаматтары баратын мемлекеттерде де жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін эпидемиологиялық онлайн-карта пайдалануға берілді.