Қазақстанда алғаш рет инженер-медтехник мамандығы оқытылады

1823

Қазақстанда алғаш рет инженер-медтехник мамандығы оқытылады

Өскеменде еліміздегі алғашқы инженер-медтехник мамандары даярланатын болды. Аталмыш мамандыққа тек облыс пен республиканың ғана емес, Орталық Азия мен Ресейдің де абитуриенттері келіп, білім ала алады, деп хабарлайды altaynews.kz. 
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінде инженер-медтехниктер даярланатын болады.
"Күрделі аппараттар істен шығып қалса, оларға техникалық қызмет көрсетілуіге тиіс. Тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияның бірқатар елінде компьютерлік томографтың істен шығып қалып, оны жөндейтін мамандарды Германиядан, Япониядан көп қаржы төлеп, шақыртуға мәжбүр болғанын көрдім. Жаңадан сатып алынған аппараттар да тек арнайы мамандардың көмегімен ғана іске қосылады. Сондықтан, ең алдымен, инженерияны қалыптастырған тиімді. Біз осындай кадрларды даярлайтын боламыз", - дейді ШҚМТУ халықаралық серіктестік және даму бойынша проректоры Талант Рыспаев.
Аталмыш бастама осы жылдың жаз айынан бастап студенттерді қабылдай бастайды. Бірақ өзіндік талаптарына байланысты әзірше тек магистратураға ғана. Болашақта мектептен кейінгі түлектер де қабылданатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу