Қазақстанда алғаш рет қалдықтар биржасы ашылды

2026

Бұл қалдық шығарушылар мен қайта өңдеушілерді байланыстыратын алаң болмақ. 

Қазақстанда алғаш рет қалдықтар биржасы ашылды

Елімізде тұңғыш рет түрлі қалдықты  сатып алуға, сатуға мүмкіндік беретін бірыңғай алаң ашылды. Платформа Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу саласының дамуына және басқаруға әсер етпек. 

Биржаның негізгі идеясы – Қазақстан мен ТМД елдерінде қоқысты сатушылар мен сатып алушыларға қолайлы жағдай жасау. 

Электронды алаңды Қазақстандық "KazWaste" қалдықтарды басқару қауымдастығы іске қосты.

Биржа сайтында кез-келген адам тегін хабарландыру орната алады. Ол үшін сайтқа тіркеліп, қалдық көлемін, бағасын, мекен-жайын көрсетіп, суретін жүктеу керек. Хабарландыру басты беттегі "Жедел ұсыныс" бөлімінде жарияланып, іздеген адамға бірден көрінеді. Сондай-ақ, сайтта хабарландыруды қоқыс түріне қарай жіктеп көрсетуге болады.

Қазірдің өзінде сайтта екінші деңглейлі шикізатты сатып алуға дайын өңдеуші компаниялар тіркелген. Келесі жылы қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ұялы қосымша іске қосылмақ. 

"Қазіргі кезде екінші деңгейлі шикізат сұранысқа ие. Жыл сайын арнайы кәсіпорындарға жиналатын шикізат көлемі артып келеді. Мұнда бастысы қоқыс полигондарда қалып кетпей, қайта өңдеуге жіберілгені. Сондықтан соңғы жылдары арнайы алаң ашып, қалдық шығарушалыр мен қайта өңдеушілер арасын байланыстыру қажеттілігі туындаған еді", - дейді  "KazWaste" қауымдастығының қалдықтарды басқару жөніндегі маманы Айжан Рысқұлова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу