Қазақстанда алғаш рет қаны сәйкес емес донордан бауыр алмастырылады

1257

Қазақстанда алғаш рет қаны сәйкес емес донордан бауыр алмастырылады

Қазақстанда алғаш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастыру операциясы жасалады. Бұл туралы Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығынан айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"UMC" корпоративтік қорының Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында өтетін шеберлік сабағы аясында Қазақстанда алғаш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастыру операциясы жасалады. Шеберлік сабағы Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли және ағзаларды транспланттау орталығының доценті Куинг Чул Ённің қатысуымен өтеді.

Орталықтың хабарлауынша, іс-шара мақсаты - қан тобы үйлеспейтін туыс донордан бауыр транспланттау технологияларын меңгеру. Осы орайда аталған технологияларды орындауға қажетті теориялық білімді жүйелендіру мен тәжірибелік машықтарды жетілдіруге назар аударылады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу