"Жолаушылар тасымалы" АҚ электропойыз жолаушыларына арналған жаңа мәдени-ойын-сауықтық жоба – "Поттер пойызын" іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Балалар мен ата-аналар сүйікті кейіпкерлерімен бірге сиқырға толы саяхатқа аттанып, интерактивті ойындарға қатыса алады.
"Сапар барысында жолаушыларды Гарри Поттер әлеміндегі кейіпкерлердің бейнесіндегі әртістердің қойылымы күтеді. Бағдарлама интерактивті элементтерге толы болып, балалар мен ересектерді ертегідей атмосфераға жетелейді. Әрбір жас жолаушыға естелік ретінде арнайы сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады", – делінген ақпаратта.
Шоу жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда өтеді.
Пойыз "Астана-1 – Тастақ – Астана-1" бағыты бойынша (Астанадан 60 км) қатынайды. Бағдарламаның ұзақтығы – 2 сағат.