Қазақстанда алғаш рет жазаның жаңа түрі Батыс Қазақстанда қолданылды

146

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. 

Қазақстанда алғаш рет жазаның жаңа түрі Батыс Қазақстанда қолданылды Фото: gov.kz

Қазақстанда алғаш рет отбасылық жанжал үшін әкімшілік қамаудың орнына қоғамдық жұмыс тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, енді 73-баптың 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік қамаудан бөлек, балама жаза ретінде қоғамдық жұмыстар да тағайындалуы мүмкін.

4 қыркүйекте сот алғаш рет жаңа норманы қолданып, азаматқа 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Сот отырысында ер адам мас күйінде зайыбына балағат сөздер айтып, отбасының тыныштығын бірнеше рет бұзғаны анықталды.

Сот шешімінде тараптардың татуласқаны және құқық бұзушы мен жәбірленушінің қоғамдық жұмысты жаза ретінде қабылдауға келісім бергені ескерілді.

Заңгерлер бұл істі тарихи оқиға деп бағалап отыр. Өйткені бұдан былай мұндай істер тек жазалаумен шектелмей, тәрбиелік сипатқа ие бола бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу