Қазақстанда алғашқы 3D форматындағы жаяу жүргіншілер жолағы пайда болды

1783

Ерекше жолақты салу идеясы Қазақстан бойынша бірінші болып Шымкентте қолға алынды.

Қазақстанда алғашқы 3D форматындағы жаяу жүргіншілер жолағы пайда болды

Үш өлшемді жолақ әзірге Т. Айбергенов көшесінде ғана сызылған. Мұндай жаяу жүргіншілер өткелі шетел тәжірибесінде бар. Ол жол-көлік оқиғаларын азайтады екен. Ерекше жолақты салу идеясы Қазақстан бойынша бірінші болып Шымкентте қолға алынды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұл замануи қондырғыны орнату үшін кезінде жергілікті бюджеттен 2 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Ал енді салынған 3 D  форматындағы жолақ Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 170 000 теңгеге түскен. Алайда, бұл қаржы еселене бермек.

Бір жолақты жаңартып отыру үшін 1 жылда 500 000 теңгеден аса қаржы кетеді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін бірінші орынға қойған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бұл сома өз қалтамыздан шығады дегенді айтады. Алдағы уақытта қала әкімдігі рұқсат берсе, олар тағы бірнеше көшелерінде салуды да көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу