Жамбыл облысында гипс және гипс өнімдерін шығаратын кәсіпорын жаңа өндірісті іске қосты, деп хабарлайды 24Хабар.
Жоба аясында 4 жаңа құрылыс материалын өндіретін цехтар жұмысын бастады. Енді зауыттың өнімділігін 5 есе көбейтуге мүмкіндік туып отыр. Жаңа өндірістің құрылысы 2,5 жыл бойы жүргізілді. Қазір цехтағы аппараттар толықтай іске қосылып, алғашқы өнімді бере бастады. Жүйе толығымен автоматтандырылған, сондықтан, бүкіл процессті екі-ақ адам басқарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу