Елімізде алкоголь сатуға 40 мыңға жуық лицензия берілді

613

Елімізде алкоголь өнімдерін сатуға лицензия көбіне Алматы қаласында берілген.   

Елімізде алкоголь сатуға 40 мыңға жуық лицензия берілді Фото: ratel.kz

Бұл туралы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілендіру департаменті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерлан Далбин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алкоголь өнімдерін сатуға еліміз бойынша шамамен 40 мыңға жуық лицензия иесі бар. Оның ішіне бөлшек және көтерме саудагерлер де кіреді. Лицензия алуға халық көп аймақтарда сәйкесінше сұраныс та жоғары. Дәл қазір нақты санды айта алмаймын. Өңірлер бойынша көбіне Алматы қаласы мен Алматы облысы және Түркістан облысын айтуға болады", – деді Ерлан Далбин Кірістер комитетінің YouTube каналында өткен тікелей эфир барысында.

Оның айтуынша, биыл шағын және орта бизнесті тексеруге тыйым салған мораторийге өзгерістер енгізілді.

"Осы орайда, Салық және кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, біз тексеруге шыға аламыз. Әсіресе, тексеріс лицензиясыз алкоголь өнімдерін сататындарға қатысты. Оның ішінде мәселе бөлшек саудамен айналысатындарға тіреліп отыр. Ішімдіктерді заң аясында сату саласына талдау жасамақпыз. Сондықтан саудагерлерді лицензия алып, рұқсатпен сатуға шақырамыз", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу