Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірісі 10,2%-ға өсті

769

Қазақстанда сусынның барлық түрін шығарумен 52 кәсіпорын айналысады.

Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірісі 10,2%-ға өсті Фото: Sfera.fm

Биылғы бірінші тоқсанда 732,8 млн литр алкогольсіз және минералды сусын өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,2% көп, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Аталған кезеңде өнім экспорты 23% артып, 43,4млн тонна минералды су мен алкогольсіз сусындар шетелге жөнелтілді. Өз кезегінде бұл өнімдердің импорты да өскен – 15,3%, осылайша бірінші тоқсанда 78,3 миллион тоннадан астам өнім әкелінген. Импортталған сусындардың үлесі – 9,7%. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу