2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 1,1 млрд литр алкогольсіз және минералды сусын өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға жоғары көрсеткіш.
Есепті кезеңде ішкі нарықтағы сату көлемі 1 млрд литрге жетіп, бір жыл ішінде 33,9 пайызға артқан.
Сонымен қатар, алкогольсіз сусындар мен минералды судың импорты 34,2 пайызға өсіп, 105,2 млн литрден асты. Импорттық өнімдердің нарықтағы үлесі 9,5 пайызды құрады.
Ал экспорт көлемі керісінше төмендеген. Биылғы алғашқы үш айда шетелге 77,6 млн литр минералды су мен алкогольсіз сусын жөнелтілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8 пайызға аз.
Қазіргі таңда Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірумен 132 кәсіпорын айналысады.