Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты

580

Бір жылда бұл сусын түрлерінің өндірісі 2,2 млрд литрден асты. 

Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты Фото: www.5.ua

Елімізде алкогольсіз сусындар өндірісі былтырғыға қарағанда артқан. 2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында 493,4 млн литр минералды және газдалған тәттіленбеген және хош иістендірілмеген су шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Басқа да алкогольсіз сусындар өндірісінің көлемі 1,7 млрд литрге жетіп, бір жылда 7,5%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz www.energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Тамыз айының қорытындысы бойынша алкогольсіз сусындардың баңасы өсті: алкогольсіз сусындар – бір айда 1%-ға, минералды және ауыз су – 1,4%-ға.

Биыл алкогольсіз сусындардың бір айда айтарлықтай қымбаттауы наурыз айында тіркелсе (3,3%-ға), ал минералды және ауыз су маусым айында 2,4%-ға қымбаттаған.

Тамыз айының қорытындысы бойынша алкогольсіз сусын 22,7%-ға қымбаттады. Газдалған сусындардың бағасы ел бойынша орта есеппен 21,9%-ға өскен. Ең жоғары баға өсімі Ақмола, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында байқалды. Газдалмаған сусындар 26,6%-ға қымбаттады. Антилидерлер үштігінде Батыс Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстары бар.

Минералды және ауыз су бағасы бір жылда 21,1%-ға артты. Өңірлік бөліністе ауыз су бағасы Ақмола және Ақтөбе облыстарында, Астанада ең көп қымбаттады. Минералды судың бағасының ең жоғары өсімі Батыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу