Қазақстанда ALTAY-45 қысқы дизель отыны шығарыла бастады

1652

"ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ-ға қарасты Атырау МӨЗ-де -45 ̊С температураға дейін қатпайтын Altay-45 қысқы дизель отынының алғашқы партиясы өндірілді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі.

Қазақстанда ALTAY-45 қысқы дизель отыны шығарыла бастады

Жаңа өнім K5 санатының экологиялық талаптарына сай келеді. Өнім арктикалық дизель отынының сапасына сәйкес келеді.

Жаңа дизель отынының бірінші партиясы ішкі нарықтағы қажеттілікті өтеу үшін шағын көлемде өндірілді. Алдағы уақытта сұранысқа қарай Altay-45 дизель отынын өндіру көлемі ұлғайтылатын болады.

Еске сала кетсек, 2019 жылы Атырау МӨЗ-і сол кездегі Қазақстандағы ең төмен температурадағы Khazar -38 дизель отынын өндіре бастаған еді.

Дизель отынының жоғары сапалы түрлерін өндіру АМӨЗ-ді үш кезеңдік жаңғырту аясында салынған жаңа қондырғыларды іске қосқаннан кейін мүмкін болыпты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу