Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өткен Бангладештің алты азаматы сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2024 жылғы маусымда сотталушылар Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу мақсатында визасыз келген. Олар Қырғыз Республикасынан өткізу пункттерінен тыс шекараны заңсыз кескен.
Сот шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, әрқайсысына 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны түпкілікті тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу