Қазақстанда "Аналар күні" және "Әкелер күні" тойланады

2424

Құжатқа үкімет басшысы Ә.Смайылов қол қойды.  

Қазақстанда "Аналар күні" және "Әкелер күні" тойланады Фото: ortcom.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелерімен толықты.

Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді.

Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтетін "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелері елімізде де ресми мереке ретінде белгіленді (аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу