Қазақстанда Аналар және Әкелер күні мерекесі пайда болды

645

Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде мерекеленеді.

Қазақстанда Аналар және Әкелер күні мерекесі пайда болды Фото: Ашық дереккөзден

Елімізде Аналар және Әкелер күні мерекесі – әрқайсысы жеке аталып өтеді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде тойланады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мерекелік күндерді бекіту еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етпек.

"Мерекелік күндердің тізбесіне "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелерін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар", - делінген министрліктің хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу