Алайда, киік санын реттеуге, аулауға қатысты ғалымдардың биологиялық негіздемесі әлі дайын емес, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аптадан аптаға ығысып келе жатқан негіздеме тағы да келесі аптаға қалды. Бұған министрдің өзі де алаңдаулы. Себебі қазір киіктің нақты санын шығарып, оны реттеудің тетіктерін айқындау керек. Ал аңшылар ұйымдары мылтығын сайлап, даладағы киіктің санын реттейміз деп отыр. Дегенмен министр бұл қауіпті шешім дейді. Мұндай тәжірибе Кеңесі дәуірінде болған. Бір жылдары рұқсат беріліп, бүкіл дала мүйізі кесілген киіктердің өлексесіне толған.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, сол себепті биыл біз мүмкін тек аналығына береміз. Оның жолы қалай боларын аңшылар ұйымдарымен ақылдасып жатырмыз. Шыны керек, осы мәселе бізді қобалжытып бітті.