Қазақстанда апелляция институты реформаланады

Бұл туралы Сенат отырысында депутат Андрей Лукин айтты.  

Қазақстанда апелляция институты реформаланады Фото: sud.gov.kz

"Мемлекет басшысы апелляция институтын реформалауды тапсырды. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыға қайта оралмай, яғни бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша, мәні бойынша шешім қабылдау ұсынылады. Сондықтан, егер апелляциялық сатыдағы сот істі мәні бойынша қарай бастаған болса, онда бірінші сатыдағы соттың ережелері, оның ішінде жаңа дәлелдемелерді ұсыну мәселелері бойынша жұмыс істейді.

Осылайша, сот талқылауының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді", – деді депутат.

 Оның айтуынша, бұл механизм:

 - сот қателерінің санын азайту;

 - сот актілерінің сапасын арттыру;

 - сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз ету;

 - азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын жедел қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу