Қазақстанда Apple, Facebook және Microsoft акциялары сатылымға шығарылмақ

689

 Қазақстандық инвесторларға 12 брендтің құнды қағаздары қолжетімді болады. 

Қазақстанда Apple, Facebook және Microsoft акциялары сатылымға шығарылмақ

Бұл туралы  еліміздегі танымал инвестициялық компанияның өкілдері мәлімдеді. Брокерлердің айтуынша, алпауыт компаниялар акциялары нарықтық бағамен саудаланады. Мысалы, Apple-дың бір акциясы 120 мың теңге болса, Facebook - 80 мың, ал Microsoft - 61 мың теңгенің төңірегінде. 

"Біз үшін маңыздысы қазақстандықтардың осындай үлкен компанияларды сатып алуға ұмтылуы. Мысалы, Apple акцияларын алып-сатса, ал жақын адамына зергерлік бұйымның орнына Tiffany акциясын сыйласа керемет емес пе? Біз халықтың ақша жинап, дұрыс инвестициялауды үйренуіне көмектескіміз келеді. Сауда 29 қаңтардан бастап freedom24.kz сайтында жүзеге асырылады",- дейді инвестициялық компания өкілі Вячеслав Ким. 

Инвесторлар акцияларды кез келген валютамен сатып ала алады. Мәселен қаржыны теңгемен салсаңыз оны брокерлік жүйе автоматты түрде қажетті валютаға аударады. Мамандардың сөзінше, бұрын Kase-нің листингінде тек екі америкалық компания болса, енді қазақстандық инвесторларға 12 алпауыттың акциялары қолжетімді болмақ.

Атап айтқанда, Tesla, Coca-Cola, Tiffany, Starbucks  секілді алып компаниялар листингке шықпақ. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу