Қазақстанда 5 пен 9 жас аралығындағы әрбір төртінші бала артық салмақ мәселесіне тап болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2024 жылы бұл көрсеткіш 23,2%-ды құрады.
Мамандар балалар арасындағы артық салмақтың таралуын фастфуд, тәтті сусындарды тұтыну және дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады.
Зерттеу деректеріне сәйкес, жасөспірімдердің 66,6%-ы аптасына кемінде бір рет тәтті сусын ішеді. Ал 14,4%-ы мұндай сусындарды күн сайын тұтынады.
2025 жылы балалар мен жасөспірімдер арасында екінші типті қант диабетінің 1 104 жағдайы тіркелген. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында балалар арасында кариестің 80 мыңнан астам жағдайы анықталды.
Мамандар балалардың денсаулығына кері әсер ететін өнімдердің жарнамасын, әсіресе цифрлық ортада бақылауды күшейтуді ұсынады.