Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар саны артты

278

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар саны артты Фото: ortonica.ru

2023 жылдың соңына қарай арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 10 бірлікке көбейіп, 291 құрады.

Олардың ішінде:

  • 173 – стационарлы түрдегі
  • 80 – жартылай стационарлы түрдегі
  • 34 – уақытша болу ұйымдары
  • 4 – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің бірнеше шарттары бар ұйымдар

Ұйымдардың ең көп саны Шығыс Қазақстанда – 31, одан кейін Қарағанды (28) және Қостанай (21) облыстарында тіркелген. Ең азы Ұлытау облысында – 3.

2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл ұйымдарда тұрып жатқан адамдардың саны 41 703 адамды құрады, оның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер – 14 201 адам (34,1%), Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 12 адам (0,03%). Негізгі контингент – мүмкіндігі шектеулі жандар. Олардың саны 25 496 адамды немесе қызмет көрсетілгендердің жалпы санының 61,1% құрады.

Айта кетейік, 256 мекеме мемлекеттік меншікте, 32 – жеке меншік, 3 мекеме шетел меншігінде.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қарттар мен мүгедектер үйлері, психоневрологиялық мекемелер, оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтары және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу