Жауапты министрлік мемлекеттік бағдарлама жойылмайды, тек оның есепке алу жүйесі өзгеретінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Туризм және спорт министрлігі ArtSport платформасының жабылуына қатысты ресми түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, аталған сервис тек ваучерлерді тіркейтін техникалық құрал болған және оның оператормен келісімшарт мерзімі аяқталды.
"Балалардың спорттық және шығармашылық секцияларын тегін қамтуды көздейтін мемлекеттік тапсырыс бұрынғыша жалғаса береді. Қазіргі уақытта әкімдіктер үйірмелерді есепке алатын жаңа, баламалы цифрлық жүйелерге көшуді жоспарлап отыр", – делінген хабарламада.
Жаңа платформаның қалай жұмыс істейтіні туралы толық ақпарат алдағы уақытта қосымша жарияланады.
Айта кетейік, балаларды жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы елімізде 2021 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.