Қазақстанда асбест өндірісі артты

890

2023 жылдың 3 айында экспортқа 61,5 мың тонна асбест жіберілген.

Қазақстанда асбест өндірісі артты Фото: GIDproekt

Қазақстанда асбест өндіру көлемі 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,9%-ға ұлғайды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Осылайша, осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 66,5 мың тонна өнім шығарды, ал 2022 жылы үш айда 54,6 мың тонна асбест өндірілген.

Сонымен қатар экспорт 41,4%-ға өсті. 2023 жылдың 3 айында экспортқа 61,5 мың тонна асбест жіберілсе, ал 2022 жылдың үш айында 43,5 мың тонна экспортталған.

2023 жылдың үш айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 4,9 мың тонна асбест сатылды.

Осылайша, асбесттің тек 7,5%-ы Қазақстанда сатылып, қалғаны экспортқа кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу