Қазақстанда ашылатын жаңа университет тек ағылшын тілінде білім береді

2895

Елімізде De Montfort University Kazakhstan жоғары оқу орны ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.

Қазақстанда ашылатын жаңа университет тек ағылшын тілінде білім береді

27 сәуірде университетті құру туралы Үкіметтің қаулысы аталған жүйеде жарияланған.

"Қазақстанда Де Монтфорт Қазақстан университеті (De Montfort University Kazakhstan) құрылсын. Ол жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қызметтерді ұсынады", - деп жазылған хабарламада.

Құжатта "жаңа университет Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Де Монтфорт Лестер университетінің (De Montfort University Leicester) атынан Қазақстан аумағында жұмыс істейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін шетелдік оқу орны болып саналады және ол Қазақстан аумағында заңды тұлға мәртебесіне ие жауапкершілігі шектеулі серіктестік болады" деп жазылған.

"Университет білім беру қызметін Монтфорт Лестер университетінің білім беру бағдарламалары негізінде жүргізеді, жалпы білім беру пәндерін қоса, аккредиттеу Қазақстан аумағында мойындалады", - деп жазылған құжатта.

Университетте білім беру Де Монтфорт Лестер университетінің профессорлық-оқытушылық құрамын және басқа да халықаралық қызметкерлерді тарта отырып, ағылшын тілінде жүргізіледі. Олардың үлесі 70%-дан аспайды, күндізгі және қашықтан оқыту формасы бойынша жүзеге асырылады.

"Білім беру қызметін ұйымдастыру, оқуға қабылдау және білім беру сапасын басқару тәртібі университеттің ішкі құжаттарымен реттеледі, әрі білім беру сапасы Де Монтфорт Лестер университетінен төмен емес деңгейде болуы қамтамасыз етіледі", - деп жазылды қаулыда.

Университетті қаржыландыру инвестиция және студенттерді оқытуға түсетін қаражат есебінен, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылыққа бөлген қаражатынан, сондай-ақ Қазақстан заңында тыйым салынбаған басқа да әдістер негізінде жүргізіледі. 

"Жоғары оқу орны білім алушылардың жалпы санының кемінде 7%-ы көлемінде жыл сайын Қазақстан азаматтарына гранттар мен стипендиялар бөлуге міндетті. Гранттардың мөлшерін университет дербес айқындайды", - деп жазылған қаулыда.

Осы қаулы негізінде Білім және ғылым министрлігі тиісті шараларды қабылдауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу