Қазақстанда әскердегілерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру енгізілмек

575

Әскерде жарақат алған сарбазға мемлекеттен қандай көмек көрсетіледі?

Қазақстанда әскердегілерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру енгізілмек Фото: inbusiness.kz

3 қазанда мәжіліс депутаты Юлия Кучинская мәслихат депутаттарының форумы аясында Қазақстан армиясындағы келеңсіз жағдайларды қалай азайтуға және мерзімді әскери қызметкерлердің мүддесін қорғауға болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Депутат әскерилермен болған қайғылы оқиғаларға тұтас қоғам алаңдаулы екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай оқиғалардың көптеген себебі бар және оны шешуге әсіресе заңнамалық деңгейде көптеген ұсыныс бар.

"Қазіргі заң бойынша, егер мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз қандай да бір жарақат алса, ол мемлекеттен бір реттік төлем алады. Ал, егер мүгедектікке ұшыраса, тек мүгедектік бойынша төлемдер алады. Бірақ шын мәнінде, оның өмірі толықтай қамтамасыз етілмесе де, барынша қорғап қалу қажет. Көптеген сұрақ пен шешім айтылуы мүмкін. Қазір депутаттармен осы мәселені талқылап жатырмыз", – деді депутат.

Оның айтуынша, қазір әскерге шақырылушыларды психологиялық бағалауды жүргізу ұсынысы да талқыланып жатыр.

"Егер баланың мектепте немесе колледжде оқып жүрген кезінде депрессиялық күйлері байқалса немесе жағдай өзгергенде қатты реакция танытса, бұл ақпарат медициналық тексеру кезінде ешбір медициналық картада көрсетілмейді. Бұл еш жерде тіркелмейді. Бір анықтама немесе қорытынды болуы керек", – деп қосты Юлия Кучинская.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу