Қазақстанда әскерге шақыру басталды

1583

Қазақстанда әскерге шақыру басталды

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру басталды. 2017 жылдың күзінде ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына 1999-1990 жылдар аралығында туған 16 мың азаматты әскер қатарына  шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы президентінің 2017 жылдың 16 наурызындағы № 449 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін жинақтау үшін 2017 жылдың күзінде жас әскермен толықтыру мақсатында, ағымдағы жылдың  2 қыркүйегінен бастап Республикада шақырту және медициналық комиссия өз жұмысын бастайды.

Шақырылушыларды әскери бөлімдерге бөлу және іріктеу кезінде алдын ала тексеру нәтижесі мен олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі. Әскери бөлімдерді толықтыру аумақтық қағида бойынша жүзеге асырылады. Медициналық куәландыру мен әскер қатарына шақыру тәртібі туралы мәселелерді шұғыл шешу үшін ҚР Қорғаныс министрлігінде кезең бойы "қауырт желі" жұмыс істейтін болады. Жауапты лауазымды тұлғалар түсінік беріп,  азаматтардың барлық сұрақтарына жауап береді. Кеңесті мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 72-13-89 және 72-16-06.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу