Қазақстанда әскерге шақырушылар денсаулығын тексеру кезінде қандай сараптама тапсыру керек екені айтылды

290

Әскерге баратындарға қандай міндетті тексерулер жүргіхіледі?

Қазақстанда әскерге шақырушылар денсаулығын тексеру кезінде қандай сараптама тапсыру керек екені айтылды Фото: qazaly.kz

Денсаулық сақтау министрлігі мерзімді әскерге шақырылушыларды тексеру кезінде зерттеулерге қосымша өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Осылайша олар эхокардиография, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық және бүйрек ультрадыбыстық зерттеуінің сараптамасын өткізуге міндеттеледі.

"Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша кеңес беру-диагностикалық қызметтер денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі", – делінген министрлік хабарламасында.

Әскерге баратындарға келесі міндетті тексерулер жүргізіледі:

жалпы қан талдауы;

несеп талдауы;

кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуі;

электрокардиографиялық зерттеулер;

микропреципитация реакциясы арқылы мерезге талдау;

бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;

бауыр, көкбауыр, ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі;

АИТВ инфекциясына қан талдауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу