Қазақстанда әскери борышын өтегендер университетте тегін оқиды

690

Әскери борышын өтегендер ҰБТ-сыз университетте тегін оқиды және оларға 3 мың грант бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанда әскери борышын өтегендер университетте тегін оқиды Фото: dknews.kz

Жағымды жаңалықты Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмадиев көпшілікке жеткізді.

"Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауы нәтижесінде 44 жоғары оқу орынымен әскери борышын өтегендерге 3 мың грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни бір жыл әскери борышын өтегендер осы жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады. Сондай-ақ әскерде жақсы нәтиже көрсеткен жігіттер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады", - деп жазды Дархан Ахмадиев facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, тегін оқуға жіберілетін сарбаздарды іріктеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін әскери қызметшінің рейтингін айқындайтын және университет бөлетін гранттың цифрлық платформаны әзірлеу туралы шешім қабылданған.

"Платформа жауынгерлік, дене шынықтыру және арнайы даярлықты бағалау нәтижелері бойынша әрбір сарбаздың жеке рейтингін айқындайды. Сонымен қатар, рейтингке олардың психологиялық жай-күйі мен жауынгерлік кезекшілігін атқару нәтижесі де кіреді. Барлық дерек қорғаныс министрлігінде жинақталады әрі оны өзгертуге болмайды", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу