Қазақстанда әскери қызметшілердің тұрғын үйді жекешелендіру уақыты айтарлықтай қысқарады

244

Бұл процес цифрландырылып, ал кезекке тұру ашық түрде іске асырылады. 

Қазақстанда әскери қызметшілердің тұрғын үйді жекешелендіру уақыты айтарлықтай қысқарады Фото: gov.kz

Пилоттық жоба 19 қыркүйекте басталып, 2025 жылдың басына дейін жалғасады. 

Осы уақытқа дейін әскери қызметшілердің жылжымайтын мүлік құқығын иелену үшін өтініш беруден бастап тіркеуге дейінгі мерзімі екі жылға дейін созылған болса, ал электрондық сервис енгізілгеннен кейін бүкіл процесс екі айдан аспайтын уақытта іске асырылатын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметін оңтайландыру қағидалары бірқатар ведомстволар басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітілген. Құжатқа министрлердің қолы 14 және 19 тамызда қойылды, ал 9 қыркүйекте әзірлеушілер жекешелендіру рәсімінің құралы ретінде пайдалануға "Askerge shanyraq" жаңа цифрлық сервисін ұсынды.

Сервис "E-qazyna" цифрлық платформасында орналасқан. Оны әзірлеуші ҚР Қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ атынан барлық рәсімдерді цифрландырамыз деп отыр.

Осылайша, әскери қызметшіге анықтамалар жинап, әртүрлі ведомстволардың табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Өтініш берушінің мемлекеттік органдармен барлық іс-әрекеті тек платформа арқылы жүзеге асырылатын болады. Көптеген анықтамалар мен тексерулер енді мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау арқылы жүйелік форматты-логикалық бақылауға ауыстырылады. Қорғаныс министрлігі бүгінде ХҚКО-да тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты мемлекеттік тіркеу мәселесі әлі шешілмеген күйінде қалып отырғанын айтты.

Жаңа сервисті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының базасымен интеграциялау электрондық шарт Мемлекеттік корпорацияның базаларында автоматты тіркеуден өтуі немесе ХҚКО қолтаңбалары мен мөрлері бар қағазға тең етіп қабылдауы үшін қалады. Әйтпесе, өтініш берушінің жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу үшін барлық қолтаңбаларды "ескі тәсілмен" жинауға мәжбүр болады, бұл негізінен іске асырылмақшы жұмыс үшін тиімсіз дейді Қорғаныс министрлігі.

Бұл тапсырманы алдағы аптада орындау жоспарланып отыр. Қарулы күштер өкілдерінің тұрғын үйді жекешелендіруінен кейін және азаматтардың басқа санаттары үшін де бүкіл бизнес-процесс, осыған ұқсас сервистер іске асырылатын болады.

Қорғаныс министрлігі бүгінде жекешелендіруге әлеуетті кезекте 3,5 мың өтініш берушінің (ҚР Қарулы күштерінде әскери қызметте және еңбек қатынастарында тұрған азаматтар) тұрғанын атап өтті

Жекешелендіру құқығын 10 жылдан астам қызметтік тұрғын үйде тұратындар пайдалана алады, бұл ретте өтініш беруші жекешелендіру кезінде қалдық құнын енгізуі тиіс. Қызметтік тұрғын үйде 20 жылдан астам тұратындар өтеусіз жекешелендіруге құқылы, яғни олар мемлекеттен пәтерді тегін ала алады. Жыл сайын жаңа қызмет арқылы келетін өтініштердің нақты санын атау мүмкін емес. Соңғы бірнеше жылда бұл көрсеткіш жылына 420-дан 522 пәтерге дейін өзгеріп, артып отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу