Қазақстанда асыл тұқымды мал саудасы азайды

715

Фермерлер бұған мал бағасының төмен болуы себеп деп отыр.  

Қазақстанда асыл тұқымды мал саудасы азайды Фото: zhaikpress.kz

Бұдан өзге биыл тамыз айында қайта күшіне енген ірі қара малды тірідей экспорттауға шектеулердің салдары да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz ет өңдеушілерге сілтеме жасап.

Биыл Қазақстанда асыл тұқымды мал саудасы үш есе төмендеді. Өйткені шаруалардың қаржысы жоқ. Салдарынан сұраныс төмендеді, - дейді қазақтың ақбас тұқымды сиырлар республикалық палатасының директорлар кеңесінің төрағасы Қуаныш Сүлейменов. Оның айтуынша, адамдар қарапайым жем шөп ала алмайды. Жалпы асыл тұқымды өнімнің бағасы өткен жылдан бастап көтерілмеген. Ал қазіргі баға фермерлер үшін тиімсіз. Дегенмен шаруалар несиелерін жауып, басқа да маусымдық жұмыстарын аяқтау үшін сатуға мәжбүр, - дейді ол. "Шопан-ата агро-қозғалысының" төрағасы Алмасбек Садырбайдың да ойы осыған ұқсас. "Күзде шаруаларға қаржы керек. Сондықтан тірі мал экспортын шектеу ауылдағы ағайынға қиын", - деген ұстанымда.

"Егер статистикаға сүйенсек біз малдың басы азайғанын көріп отырған жоқпыз. Бірақ сыртқа экспорт азайды. Өйткені былтырғы жылғы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Сауда және интеграция министрлігінің шектеуімен біз экспортқа тірідей мал шығарғанды қойдық. Бір жағы ол жақсы да. Тірідей экспортқа мал шығаруға болмайды. Бірақ асыл тұқымды малдың құндылығы ол етке кетіп бара жатқан жоқ. Ол жақсы нарықтық бағаға сатылып бара жатыр", - дейді "Шопан-ата агро қозғалысы" төрағасы Алмасбек Садырбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу