Қазақстанда 2024 жылдың үшінші тоқсанында Ата-ана кодексін қабылдау жоспарланып отыр.
Құжат жобасын ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлейді. Бұл туралы Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған "Бала қорғау" кешенді жоспарында жазылған.
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Сондай-ақ, 2025 жылы "Балалар кодексі" кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты заңнама нормалары мен нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру жинағын әзірлеу көзделген.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қазіргі таңда 6,6 миллионнан астам бала бар. Олардың жартысынан астамы (3,7 млн) оқушылар болса, 2,5 миллионнан астам бала мектепке дейінгі жаста. Қалған 400 мыңнан астамы – студенттер.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 6 маусымға дейін.