Іс-шара ІІМ-нің нұсқауына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суық қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атыс қаруларына төленетін сыйақы мөлшері әр түрлі. Мәселен, тегіс ұзын ұңғылы қаруға 120 мың теңгеге дейін төленсе, автоматты ойық қару 400 мың теңгеге дейін бағаланады.
Сондықтан жергілікті тұрғындар қолдарыңызда еш жерде тіркелмеген қару түрі болса, полицияға өткізіп, сыйақыға ие болсаңыз болады.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.