Көптеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста және түнгі уақытта орталық өңірлерде – қатты жаңбыр, ал солтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тек республиканың оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Ел аумағында желдің күшеюі, тұман, сондай-ақ оңтүстік-шығыс, шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыста дауыл соғуы ықтимал.
Күндіз Жетісу облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, сондай-ақ Ақтөбе облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.