Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді жаңбыр қар жауып, жел 30 м/с-қа дейін күшейеді

332

Кей өңірлерде тұманды ауа райы күтілуде.  

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді жаңбыр қар жауып, жел 30 м/с-қа дейін күшейеді Фото: sputnik.kz

"Қазгидромет" 2-5 қазан аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

4-5 қазанда Астанада жаңбыр аралас қар жауып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 30 м/с-тан асады. Ауа температурасы 4 қазанда күндіз 8-10 градусқа, 5 қазанда күндіз 3-5 градусқа дейін төмендейді. Қалада 2 қазанда жоғары өрт қаупі де сақталады.

3-4 қазанда Батыс Қазақстан облысында, 3-4 қазанда Атырау облысында жаңбыр мен қар күтіледі. Бұл өңірлерде желдің жылдамдығы 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысында 3 қазанда солтүстікте қатты жауын-шашын болжанады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында 3-5 қазанда жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал. Осы өңірлерде ауа температурасы да айтарлықтай төмендейді, кей жерлерде түнде 3-5 градусқа дейін аяз күтіледі.

Қызылорда және Жамбыл облыстарында 4 қазанда ауа температурасы күрт төмендейді. Қызылордада күндіз 10-15, солтүстігінде 7 градусқа дейін, Жамбылда 15-20, таулы аудандарда 12 градусқа дейін төмендейді.

Ұлытау облысында 5 қазанда жаңбыр аралас қар жауып, жел 30 м/с-тан асады. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Павлодар облысының бірқатар ауданында жауын-шашын күтіледі. Бұл өңірлерде жел 30 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

5 қазанда Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 10-15 градусқа, таулы аудандарда 5 градусқа дейін төмендейді. 2 қазанда Жетісудың таулы аудандарында жаңбыр аралас қар, кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында да жаңбыр мен қар жауып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысында 2 қазанға қараған түні және таңертең жаңбыр, найзағай, таулы жерлерде тұман күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Алматы қаласында желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігі мен батысында 2 қазанда жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, тұман және 15-20 м/с жел күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман, күндіз 15-20 м/с жел болады.

Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысында жаңбыр мен найзағай, 15-20 м/с жел күтіледі. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында да жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу