Қазақстанда аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау тәртібі өзгерді. Енді бұл лауазымдарға азаматтар тікелей дауыс бермейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа өзгеріске сәйкес, аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін енді облыс әкімдері тиісті мәслихаттың келісімімен тағайындайды. Сондай-ақ оларды қызметтен облыс әкімі немесе президент өз қалауы бойынша босата алады.
Ал ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәртібі бұрынғыдай сақталады. Заңға енгізілген жаңалық – әкімдер өздері басқаратын әкімшілік аумақта тұруға міндетті.
Айта кетсек, 2023 жылдың қарашасында Қазақстанда алғаш рет пилоттық режимде аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өткен еді. Кейін бұл тәжірибені кезең-кезеңімен басқа өңірлерге де енгізу жоспарланған болатын.