Қазақстанда әуе тасымалы 11%-ға қымбаттаған

978

Биыл отандық әуе компаниялар 5,9 млн адамды тасымалдады.

Қазақстанда әуе тасымалы 11%-ға қымбаттаған Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың шілде айында Қазақстандағы әуе қызметтерінің бағасы жылдық динамика бойынша 10,5% өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша Жетісу облысының тұрғындары көбірек сезінді: бірден 52,7% қымбаттаған. Көшбасшы үштікке Қызылорда (46,9%) және Солтүстік Қазақстан (15,9%) облыстары кірді.

Ал Батыс Қазақстан облысында баға былтырғы деңгейде қалды. Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында әуе жолаушылар тасымалының қызметі арзандаған.

Биыл бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша әуе компаниялары 5,9 млн адамды тасымалдады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 27,8% артық. Алматыға ең көп жолаушылар тасымалданды: 2 млн адам, плюс жылына 28,5%. Одан кейін Астана (1,6 млн адам) мен Шымкент (555,6 мың адам). Ең аз жолаушылар Алматы облысында тасымалданған: бар болғаны 2,8 мың адам. Жолаушылар айналымы 11,7 млрд пкм болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 46,5% көп.

Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 11,4 мың тонна болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,7% көп. Алматыға 6,7 мың тонна, Шымкентке 3,1 мың тонна, Астанаға 1,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалданды. Қаңтар-маусым айларында жүк айналымы 24,6 млн ткм болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 7,6% көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу