Көлік министрлігінде ұшу қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, аэродром аумағындағы құрылысты реттеу және бақылау мәселелері талқыға салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көлік министрі Марат Қарабаев жүйелі көзқарас пен барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол қазақстандық әуежайлар маңындағы құрылыс процестерінің ашықтығы мен барысын қатаң бақылауды қамтамасыз ететін тетіктерді әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар, жиын барысында жергілікті атқарушы органдарға әуеайлақ маңындағы аумақта бұрын салынған құрылыстарды ерекше бақылауға алу және жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтылды.