Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны артты

363

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 3284 бірлікті құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 137 бірлікке артық.  

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны артты Фото: Inbusiness.kz

Кооперативтердің ең көп саны Түркістан облысында (794 бірлік), одан әрі Жамбыл (363) және Батыс Қазақстан (270) облыстары. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ең аз саны Астана (8) және Алматы (7) қалаларында тіркелген.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінде барлығы 7,3 мыңнан астам адам жұмыс істесе, бір жылда олардың саны 2 пайызға азайған. (2021 жылы – 7,5 мың адам).

2022 жылы ауыл шаруашылығы кооперативтері 27,6 мың тонна бидай, 8,8 мың тонна жүгері, 14,6 мың тонна арпа, 26,4 мың тонна мал азығы дақылдарын, 110 тонна бал және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін сатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу