Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер учаскелерiнiң шектi мөлшерi бекітілді - қаулы

455

Үкіметтің 2023 жылғы 25 қаңтардағы қаулысымен Уақытша жер пайдалану құқығымен республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның, облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi мөлшері бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер учаскелерiнiң шектi мөлшерi бекітілді - қаулы Фото: inform.kz

Атап айтқанда:

  • уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері;
  • уақытша жер пайдалану құқығымен шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бір әкімшілік ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері бекітілді.

Бұл ретте 2003 жылғы 22 қазанда қабылданған қаулы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды.

Ал, жаңа қаулы 2023 жылдың 11 ақпанында күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу