2025 жылы Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарланған. Ол 2025 жылдың 1 тамызынан 20 қазанына дейін өтеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Юрист "ПАРАГРАФ" порталының telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, санақ жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру арнайы құрылған комиссияға жүктеледі. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бұйрығымен құрылған.
ҚР "Мемлекеттік статистика туралы" Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, жиынтық деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау.