2023 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша Қазақстанда барлығы 188 аудан, 89 қала мен 6286 ауыл тіркелген, деп жазады Inbusiness.kz.
Республика бойынша қала мен ауданның ең көп саны Ақмола облысында тіркелген – 11 қала және 17 аудан.
"Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудандар саны 2 бірлікке артқан, бір-бір жаңа аудан Астана және Шымкент қалаларында құрылған", - делінген хабарламада.
Ал ауылды елдімекендердің ең көп саны Түркістан (825), Солтүстік Қазақстан (635) және Ақмола облыстарында (589). Егер бір жыл бұрынғы мәліметтермен салыстырсақ, ауылдар саны 7 бірлікке азайған. Батыс Қазақстан облысында 3 бірлікке, Қарағанды облысында 5 бірлікке, ал Түркістан облысында, керісінше 1 ауыл қосылды.