Қазақстанда ауыз су бағасы көтеріледі

719

Тиісті ұсынысты қазір экология министрлігі әзірлеп жатқанын хабарлады.  

Қазақстанда ауыз су бағасы көтеріледі Фото: naryk.kz
Бұл туралы "Қазсуашар" РМК пайдалану әрі автоматтандыру жөніндегі бас директорының орынбасары Ербол Салихбаев айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасай отырып.

"Бүгінде республикада су арналарының 3440 жүйесі бар. Су шаруашылықтарға осы жүйелер арқылы жеткізіледі. Бір кездері су құбырлары жүйелері коммуналдық меншікте болған, сондықтан олардың көпшілігі қазіргі су тарифіне кірмеген. Яғни, олардың қызметін іске асыруға ағымдағы тариф бойынша қаржыландыру көзделмеген. Осыған байланысты биыл біз өз ұсыныстарымызды тиісті мемлекеттік органдарға жібереміз. Келесі жылы суға әділ тариф бекітіледі деп ойлаймыз", - деді Салихбаев.

Оның айтуынша, су қоймаларын күтіп ұстау маңызды мәселе. Сондай-ақ, спикер су саласы мамандарының жалақысы туралы мәселені көтерді.

"Су саласының қызметкерлері - елдегі ең төмен жалақы алатындардың бірі. Сондықтан, егер біз мәселені тарифтер арқылы шешпесек, басқа жол жоқ, себебі біз мемлекеттен қаржы алмаймыз", - деді Салихбаев.

Оның айтуынша, бүгінде су саласы мамандарының орташа жалақысы 90 мың теңгеден аспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу