Қазақстанда авиация мамандарын даярлайтын халықаралық университет ашылады

366

Жоба америкалық Kent State University-мен бірлесіп жүзеге аспақ.  

Қазақстанда авиация мамандарын даярлайтын халықаралық университет ашылады Фото: unsplash.com/gov.kz

Бұл мәселе көлік вице-министрі Талғат Ластаев мен америкалық оқу орны өкілдерінің кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа университет Қазақстан аумағында бірлескен жоба ретінде ашылып, авиация саласына қажетті мамандарды халықаралық стандарттар бойынша даярлайды.

Сонымен қатар, Азаматтық авиация академиясымен ынтымақтастық дамып келеді. Оның аясында қос диплом бағдарламалары, академиялық мобильдік және бірлескен ғылыми жобалар қарастырылған.

Кездесу барысында Мелоди Тэнкерсли жаһандық әріптестік білім беру сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. Тараптар кадрлар даярлау сапасын арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу үшін ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу