Қазақстанда автобус өндірісі 2,5 есе өсті

523

Сонымен қатар биылғы жылдың алғашқы 8 айында жеңіл автокөліктер өндірісі 41,5% өсті.  

Қазақстанда автобус өндірісі 2,5 есе өсті Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында он және одан да көп адамды тасымалдауға арналған 1711 көлік шығарылса, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде 1033 көлікке кем шығарылған. Осылайша, былтырғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,5 есе өсті.

Аталған уақыт аралығында қазақстандық кәсіпорындар 88,5 мыңнан астам автокөлік шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 62,5 мың автокөлік шығарылды.

Бұл ретте еліміздегі жүк көліктерінің өндірісі 24,6% өсті. Егер ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 6,1 мыңға жуық жүк көлігі шығарылса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4,8 мыңы өндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу